Еңбек ауылдық кітапханасының әскери-патриоттық жобасы
«Естен шығармаймыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз.»
2025 жылы бүкіл адамзат Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл дата – тек күнтізбедегі мереке емес, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымызға арналған қасиетті естелік. Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлердің ерлігі – халқымыздың тарихындағы өшпес даңқ, ұлттың рухын көтеретін биік құндылық.
Осыған орай Еңбек ауылдық кітапханасы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадыны сақтау және соғыс ардагерлерінің ерлігін дәріптеу мақсатында арнайы әскери-патриоттық жобаны іске асыруда. Жоба барысында ауылдың соғысқа қатысқан сарбаздары туралы материал жиналып, тұрғындар мен оқушыларға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жобаның мақсаты:
- Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру
- Ауыл тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді жас буынға таныстыру
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызын терең түсіндіру
- Ардагерлердің жүріп өткен жолын зерттеп, олардың ерлігін құжаттық түрде сақтау
Жобаның міндеттері: - Еңбек ауылының тарихына қатысты деректер мен ардагерлер өмірінен мәліметтер жинақтау
- Ауыл тұрғындарының соғыс жылдарындағы тағдыры мен естеліктерін бір орталыққа шоғырландыру
- Балалардың отаншылдық сезімін дамытатын инновациялық жұмыс түрлерін енгізу
- Қоғамда Ұлы Жеңіс туралы тарихи сананы қалыптастыру
- Ардагерлерге арналған материалдар қорын толықтыру және оны келешек ұрпаққа жеткізу
Жобада өткізілетін іс-шаралар:
1️⃣ «Суреттегі менің атам» – фото-кросс
2️⃣ «Отты кешкен сол жылдарға тағзым етеміз» (9 мамыр, обелисктің жанында)
3️⃣ «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»
Тарих пәні мұғалімінің қатысуымен өткізілетін таным сағаты.
4️⃣ «Құрметте Жеңістің ерлерін!»
Әдеби-танымдық ракурс.
5️⃣ «Мәңгілік желбіре – Жеңіс жалауы»
«Естеліктер мұрағаты»
6️⃣ «Мен мақтанамын! Менің есімде!»
Әдеби-музыкалық челлендж.
Күтілетін нәтижелер: - Оқушылардың Отан тарихына, ауыл тарихына және Жеңіс тақырыбына деген қызығушылығы артады
- Балаларды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған жаңа жұмыс әдістері енгізіледі
- Ардагерлер туралы деректер топтастырылып, ауылдың тарихи қоры байиды
- Соғыс жылдарындағы халықтың ерлігіне деген құрмет күшейеді
- Ұлы Жеңіс туралы тарихи жады сақталып, ұрпақ сабақтастығы нығаяды.
Өткенді құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды!