Неделя детской книги. Еңбек ауылдық кітапханасында

Еңбек ауылдық кітапханасында жас оқырмандарға арналған «Чудо-книжки – чудо детям» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме балаларды кітап әлемінің сиқырлы құпияларымен таныстырып, оларды әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Шара барысында балалар түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен танысып, ертегілер мен танымдық шығармаларға шолу жасады. Көрме ерекше безендіріліп, әр кітаптың мазмұны мен маңыздылығы туралы қызықты ақпараттар ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

назад