Неделя детской книги. Заречный модельдік кітапханасында
«Кітап — дос және сиқыршы, барлық достарды шақырады» атты балалар кітабы апталығының ашылуы.
Заречный модельдік кітапханасында Балалар кітабы апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл ерекше мерекеде кішкентай оқырмандарды ертегі әлемінің кейіпкерлері – Қар патшайымы мен Сиқыршы фея қарсы алды.
Апталықтың алғашқы күні кітап сүйер балалар үшін нағыз сиқырға толы болды. Қар патшайымы мен Сиқыршы фея балаларды ертегілер әлеміне жетелеп, қызықты ойындар ұйымдастырып, түрлі жұмбақтар жасырды. Кітапханашылар Маржан Асқарқызы мен Алтын Байділдақызы бүлдіршіндерге кітап оқудың маңыздылығын түсіндіріп, оларды әдебиетті сүюге баулыды.
Шара барысында балалар сүйікті ертегілері туралы айтып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кітапханадағы жаңа балалар әдебиеті таныстырылып, ең қызықты шығармаларға шолу жасалды.
Балалар кітабы апталығы – жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыратын, білім көкжиегін кеңейтетін маңызды шара. Заречный модельдік кітапханасы бұл апталық аясында түрлі әдеби шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Кітап – білім бұлағы! Сондықтан балалар үшін мұндай іс-шаралар әрі қызықты, әрі пайдалы болары сөзсіз.