23 марта — Тазару күнi Половников ауылдық кітапханасы
«Тазару күні» Наурызнама онкүндігі негізінде жұртшылық әз-Наурыз мерекесін он күн бойы тойлады. Амал мерекесінен бастау алған атаулы күндер тізбегі 23 наурыз – тазару күнімен қорытындыланады.
Наурыз жыл басы, табиғаттың да, жан-дүниенің де тазару кезеңі делінеді. Қыстан есен-аман шыққан жұртшылық айналасын күл-қоқыстан тазартып, қыстан қалған сүр етті қазанға салған. Сонымен қатар көшет отырғызып, тал егіп, баптаған. Жас шыбықтың өзі жаңашылдықтың, жаңа кезеңнің белгісі екені анық.Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Бұл – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл күн ежелден күнәдан тазару, киім-кешекті, үйді тазарту, жамандықтан, өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Бұл күні бір-бірімен ренжіскен жандар татуласып, көптен көріспеген жандар төс қағыстырып, қауышатын болған. Бұның өзі мерекенің ерекшелігін, береке мен бірліктің күні екенін аңғартқандай. Тіпті шығыс елдері екі ел арасындағы кез келген соғысты тоқтатқаны туралы деректер де кездеседі. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді.
