Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толады
2025 жылы көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ақын, журналист, Алаш қозғалысының жетекшісі Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толады. Осы датаға орай тұлғаның тарихи мұрасын дәріптеу, жас ұрпаққа оның еңбегін таныту, ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында арнайы жоба ұйымдастырылды.
Мақсаты
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен насихаттау;
Ел тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің қызметін таныту;
Жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру.
Міржақып Дулатұлының ұлттық мүдде жолындағы қызметі, әдеби мұрасы жан-жақты ашылды. Көрсетілген жұмыстар оқырмандарға Алаш қозғалысының мәнін түсіндіріп, тұлғаның ел үшін сіңірген еңбегін кеңінен танытуға мүмкіндік берді. Жоба нәтижесінде жастардың тарихи санасы нығайып, Міржақып мұрасына деген қызығушылық артты. Тұлғаның «Оян, қазақ!» рухы бүгінгі ұрпаққа үлгі бола түсті.