Еңбек ауылдық кітапханасының әскери-патриоттық жобасы

«Естен шығармаймыз. Құрметтейміз. Мақтан тұтамыз.»
2025 жылы бүкіл адамзат Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл дата – тек күнтізбедегі мереке емес, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымызға арналған қасиетті естелік. Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған жауынгерлердің ерлігі – халқымыздың тарихындағы өшпес даңқ, ұлттың рухын көтеретін биік құндылық.
Осыған орай Еңбек ауылдық кітапханасы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадыны сақтау және соғыс ардагерлерінің ерлігін дәріптеу мақсатында арнайы әскери-патриоттық жобаны іске асыруда. Жоба барысында ауылдың соғысқа қатысқан сарбаздары туралы материал жиналып, тұрғындар мен оқушыларға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жобаның мақсаты:

  • Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру
  • Ауыл тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді жас буынға таныстыру
  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызын терең түсіндіру
  • Ардагерлердің жүріп өткен жолын зерттеп, олардың ерлігін құжаттық түрде сақтау
    Жобаның міндеттері:
  • Еңбек ауылының тарихына қатысты деректер мен ардагерлер өмірінен мәліметтер жинақтау
  • Ауыл тұрғындарының соғыс жылдарындағы тағдыры мен естеліктерін бір орталыққа шоғырландыру
  • Балалардың отаншылдық сезімін дамытатын инновациялық жұмыс түрлерін енгізу
  • Қоғамда Ұлы Жеңіс туралы тарихи сананы қалыптастыру
  • Ардагерлерге арналған материалдар қорын толықтыру және оны келешек ұрпаққа жеткізу
    Жобада өткізілетін іс-шаралар:
    1️⃣ «Суреттегі менің атам» – фото-кросс
    2️⃣ «Отты кешкен сол жылдарға тағзым етеміз» (9 мамыр, обелисктің жанында)
    3️⃣ «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»
    Тарих пәні мұғалімінің қатысуымен өткізілетін таным сағаты.
    4️⃣ «Құрметте Жеңістің ерлерін!»
    Әдеби-танымдық ракурс.
    5️⃣ «Мәңгілік желбіре – Жеңіс жалауы»
    «Естеліктер мұрағаты»
    6️⃣ «Мен мақтанамын! Менің есімде!»
    Әдеби-музыкалық челлендж.
    Күтілетін нәтижелер:
  • Оқушылардың Отан тарихына, ауыл тарихына және Жеңіс тақырыбына деген қызығушылығы артады
  • Балаларды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған жаңа жұмыс әдістері енгізіледі
  • Ардагерлер туралы деректер топтастырылып, ауылдың тарихи қоры байиды
  • Соғыс жылдарындағы халықтың ерлігіне деген құрмет күшейеді
  • Ұлы Жеңіс туралы тарихи жады сақталып, ұрпақ сабақтастығы нығаяды.
    Өткенді құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік.
    Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

назад