Неделя детской книги. Алтын дала ауыл кітапханасы.
Көктемгі демалыс күндері «Кітаппен жарқын әлемге » атты кітап апталығы өтті . Кітапханашылар оқушыларға кітаптың шығу тарихынан мәлімет берілді. Кітапты күтіп ұстау ережелері қайталанып еске түсірілді, өлеңдер оқылды. Оқушылар кітап туралы мақал –мәтелдердің жалғасын тауып өз білімдерін көрсетті. Биылғы жылы апталық балалар жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты, өлеңдерін оқыды . Соңынан «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесімен танысып, ертегілерден дайындалған пазл құрастырып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Апталық мектеп кітапханасымен бірігіп өткізілді.12 оқушы қатысты.