23 Наурыз мерекесінің соңғы күні Мичуринская модельная сельская библиотека

23 Наурыз мерекесінің соңғы күні — Наурнама мерекесінің түйіні іспетті «Тазару күні».
Бұл күн табиғатпен үйлесімділікті арттырып, қоршаған ортаны қорғауға арналған.
Тазару күні — жан мен тәнді тазартып, айналаны ретке келтірудің, табиғатқа құрмет көрсетудің белгісі. Бұл күні ел тұрғындары бір кісідей жұмылып, аула мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалап, көктемнің жаңару рухын қолдайды.
Тазару күні — тек айналаны емес, жүректі де тазартып, рухани жаңғыруға жетелейтін ерекше сәт.
Табиғатқа жанашырлық танытып, оны қорғауға үлес қосу — әр азаматтың парызы.
Наурыздың осындай терең мағыналы күндері бірлік пен жаңарудың жарқын үлгісін көрсетеді!

изображения не найдены

назад