22 Наурыз Қостомар ауылының кітапханасында

Қостомар ауылының кітапханасында 22 — наурызды қарсыалдық.
Наурыз — күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірімге жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Тамыры тереңде жатқан ежелгі наурыз мерекесі қазіргі кезде жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болып келеді.

назад