22 Наурыз Детская библиотека
🌷НАУРЫЗ — КӨКТЕМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ🌷
Көктемнің жарқын мерекесі – Нәурыз мейрамына орай ОО «Лучики надежды» қатысушылары үшін әсерлі әрі мазмұнды іс-шара өтті. Мерекенің салтанатты ашылуын Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары керемет концерттік бағдарламамен бастады. Көрермендерге ұлттық әндер шырқалып, әсем би биленді. Сондай-ақ, ырыс пен молшылықтың нышаны саналатын дәстүрлі Шашу рәсімі орындалды. Балалар үшін ең қуанышты сәт – әрбіріне арнайы сыйлықтардың табысталуы болды.
Концерттік бағдарламадан кейін балалар үшін қызықты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындарды балалар кітапханасы арнайы дайындаған болатын. Жас бүлдіршіндер қазақ халқының дәстүрлеріне терең бойлап, өздерінің ептілігі мен тапқырлығын сынап көрді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға, концертке қатысушыларға және демеушілерімізге – Қостанай облысының Іскер әйелдер қауымдастығына, сондай-ақ Paradis мейрамханасының басшылығы мен ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бұл күн ерекше жылулық пен қуаныш сыйлаған ұмытылмас мерекеге айналды!
_________________
В честь весеннего праздника Наурыз для участников ОО «Лучики надежды» была организована яркая и насыщенная праздничная программа. Торжественное открытие мероприятия украсили учащиеся Общеобразовательной школы им. Әлихана Бөкейхана, представившие зрителям великолепный концерт. В их исполнении прозвучали национальные песни, а традиционные казахские танцы заворожили своей грацией. Особую атмосферу создал обряд Шашу — символ благополучия и изобилия. Не обошлось и без приятных сюрпризов — каждому ребёнку были вручены подарки.
После концертной программы детей ждали увлекательные национальные игры, подготовленные детской библиотекой. Ребята с радостью погрузились в атмосферу казахских традиций, проявили ловкость, смекалку и командный дух.
Выражаем искреннюю благодарность организаторам, участникам концерта, а также нашим спонсорам — Ассоциации деловых женщин Костанайской области, руководству и сотрудникам ресторана Paradis за их поддержку и вклад в создание праздника. Благодаря всем вам этот день стал по-настоящему тёплым и запоминающимся!