20 Наурыз — Ұлттық спорт /День национального спорта / Садовый ауылдық кітапханасы
20 наурыз — Ұлттық спорт күні
20 наурыз – қазақ халқының ұлттық спортын дәріптеу, оның тарихын сақтап, жас ұрпаққа насихаттау үшін арнайы белгіленген маңызды күн. Қазақтың ұлттық спорт түрлері мыңдаған жылдық тарихқа ие және олар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, өмір сүру дағдыларынан туындаған. Ұлттық спорт — бұл қазақ халқының рухын, мәдениетін, ұлттық бірегейлігін айқындайтын маңызды элементтердің бірі. Садовый ауылдық кітапханасы мектеппен бірлесе 20 наурыз -Ұлттық спорт күніне орай
» Спорт-ұлттың дәстүрлі қазынасы» атты ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық спорт ойын түрлеріне қатысушылар жеңімпаз медальдармен марапатталды.