20 Наурыз — Ұлттық спорт /День национального спорта / Библиотека села Енбек
«Армысың, әз Наурыз!»
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, ырыс пен ынтымақтың мерекесі! Осы ұлы күнге орай Еңбек ауыл кітапханасы мен Еңбек ауылының негізгі орта мектебі ұйымдастырған «Армысың, әз Наурыз!» атты әдеби-музыкалық серпантин ұлттық салт-дәстүр мен өнерге толы тамаша кешке ұласты.Шара барысында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлфира Мерекиновна жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.Мерекеде қазақтың бай мұрасы дәріптеліп, сырға салу мен қыз ұзату салт-дәстүрлері көрініс ретінде сахналанды. Балалар ұлттық киімде мың бұрала би билеп, күмбірлете күй шертті, әуелете халық әндерін шырқады.
Шара соңында жиналған көпшілікке дәстүрлі наурыз көже ұсынылып, мерекелік кеш шаттық пен қуанышқа толы көңіл күймен аяқталды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз баршаға құт-береке әкелсін!