18 марта —  «Ұлттық киім» (день национальной одежды). Мичуринская модельная сельская библиотека

18 наурыз — Наурызнаманың алтыншы күні! Бұл күн — ұлттық киім күні, яғни қазақы рух пен сән-салтанаттың үйлескен мерекесі.

Қала да, дала да түрлі-түсті кестелі киімге малынып, әрбір жан ұлттық нақыштағы шапан мен камзолын мақтанышпен киеді. Әжелер ақ кимешекпен нұр шашып, аталар зерлі шапанмен айбын атады. Қыз-жігіттер сәнді қамзол мен оқалы шапан киіп, көшені той-думанға бөлейді.

Бұл — тек киім емес, халқымыздың рухын жаңғыртып, дәстүрді дәріптейтін жарқын күн!

назад