«Туған жер ештеңе жоқ сенен артық»- тарихи вояж
Алтын дала ауылдық кітапханасында туған жердің киелі жерлерін танып білу мақсатында “ Туған жер ештеңе жоқ сенен артық “ атты тарихи вояж өтті. Іс — шара барысында кітапханашы оқушыларға Кейкі батыр, Шоқай Балқанұлы,Түркебай ата ,Қоянақ әулие, Барақ батыр туралы әңгімелеп берді. Соңынан бейнефильм көрсетілді, викториналық сұрақтарға жауап берді.Оқушыларға тәттілер үлестірілді.Іс- шараға 8 оқушы қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласында еліміздегі киелі жерлерді халыққа насихаттау керектігі жөнін де айтылған еді. Осы мақсатқа орай еліміздегі киелі орындардың тізімі жасалған болатын. Мұндай тізім Қостанай облысында да пайда болды.
Қазақ халқы қашан да әулие, батырлардан кенде болмаған. Тарихымызға таңбаланған әулие бабаларымыз бен жаудан беті қайтпаған батырларымыз қаншама. Міне, осындай тұлғалардың жерленген зираттары еліміздің киелі орындары болып саналады.
Қостанай өңірінде де әулие әмбейлер аз болмаған. Оларды тізе берсек жетіп артылады.
