«Ата -баба мұрасы – біздің  байлығымыз» путешествие по святым местам Казахстана

« Ата -баба мұрасы – біздің  байлығымыз» путешествие по святым местам Казахстана мақсаты: оқырмандарға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру.

ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы әр түрлі қарым-қатынастарда бірегей болып табылатын уақыт өлшемі. Әсіресе біздің еліміз бен оның ішінде оның рухани мәдениеті үшін бұл баға жетпес құндылық. Тоталитарлық тәртіп өткенге кетті, қазіргі кезде әлемдік өркениет жетістіктеріне кең қолжетімділік ашылды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріндегі сыннан өткен рухани әлемді зерттеудегі жаңа тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан ғылымында да дамып келеді.

Шындап келгенде, көптеген адамдар үшін киелі жерлер орындардың маңызды құндылығы бар, себебі олардың пікірі бойынша бұл жерлер тылсым күшке ие, діни бастау алатын жер ретінде маңызды құндылыққа ие. Алайда «сакральдылыққа» осындай түсінік беру оның аясын тарылтып жіберетіндігін айтқан жөн. «Сакральдылық» анықтамасын тек қана діни объектілер мағынасына таңып қоюға болмайды. Кең мағынасында бұл термин барлық маңызды құндылықтарын, халықтардың тарихи-мәдени мұрасындағы маңыздылығын білдіреді.

«Киелі жерлер – бұл Қазақстан арқылы өткен, біздің ата-бабаларымыздың ізі жатқан Жібек жолы. Бұл – батырлар шайқасқан орындар. Бұл – біздің орта ғасырдағы қалаларымыз бен сақтардың орасан зор қорғаны: Есік, Берел, Алматы, бұл – петроглифтер мен түркі дәуірінің киелі жерлері, осының барлығы тарихымыздың негізін құрайды».

назад