«Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз»

Мақсаты: «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күніне орай ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық апат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық – саяси репресия құрбандарын еске алу және оқырмандарға елін,жерін, отанын сүюге тәрбиелеу. 1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды. Онда президентіміз «Қазақстанның мақсаты – өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу» деп мәлімдеген. «Қазір тарихты зерттеуде екі бағыт етек алған: Бірінің мақсаты өткенге кінәліні іздеп-табу болса, ал екіншісі бұлай істеу әрі керек, әрі қажет болды дейді» деген. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.! Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде 100 мыңнан астам қазақстандық «итжеккенге» айдалды Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ. 1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды.

назад