«Тарих ақиқат: естелік пен азап»

Заречный модельді селолық кітапханасы мен «Современник» МҮ бірлесіп, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарих ақиқат: естелік пен азап» — атты естелік сағатын өткіздік. Мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі : Данагүл Монтаевна қатысты. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға , сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағына естелік сағатын жүргіздік.Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын. Ал, бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін білуі тиіс.

назад