Омар Шипин

Омар Шипин 1879 жылы Торғай уезіне қарасты Қайдауыл болысында Жәнібекұлы Шымболаттың отбасында туған.
Омар 1909 жылы 30 жасында Амангелді Имановпен танысады. Бұл туралы ақын кейін өзінің бір өлеңінде: «Отызда Имановты іздеп таптым»,- деп еске алады.
Омардың ақындығына, зейіні алғыр, сауаттылығына риза болған батыр оның өмірден дұрыс жол табуына, халқына пайдалы іспен айналысуына көмектеседі. Қайдауыл болысындағы ауылдардың біріне бала оқытуға орналастырады. Ақын бес жыл бойы мұғалімдік қызмет атқарады. Қарттардың жадында сақталған халқының тарихын, даналық лұғатын шашқан шешендік сөздерін, өлең-термелерін мен батырлық дастандарын жатқа білетін және оларды қызықтыра айтуға шебер ақын Омар шәкірттерін сүйікті ұстазы болды, оның ақындылықпен қоса ұстаздық даңқы да алыс ауылдарға тарай бастады.
Омар Шипин «Амангелді батыр» дастанында
Амангелдінің ерлігімен бірге қолбасшылық өнерін де сипаттайды
«Торғай торабында», «Халық атынан», «Өмір өрнегі», «Туған жер», «Тың үстіндегі ту» атты өлеңдерінде елдің жетістіктері, Отанға деген махаббаты туралы айтылады.
Қостанай облысының Қостанай ауданының Маяковский совхозының Темировка бөлімшесінде ақын Омар Шипин тұрған үлкен ағаш үй осы күнге дейін сақтаулы.

назад