ІЛИЯС ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «ҚАҺАРЛЫ 16 ЖЫЛ»-АТТЫ ҚОЙЫЛЫМДЫ ХАЛЫҚ НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ.
Аманкелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының №3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі – Қостанай облысының Аманкелді ауданы. Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. XX ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді: Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті.Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты терендетіп, 1916 жылы Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды. Басталу себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы болды. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі орталықтарының бірі Торғай облысы болды. Торғай уезінің қазақтары Әбдіғапар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады. Амангелді Үдербайұлы Имановты сардар етіп сайлады.Көтерісшілердің ұлы жиыны 1916 жылы күзде Торғай өзеніне таяу «Қоғалыкөл» деген жерде өтті.
Олжағұлов Ерлан Бектепбергенұлы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістерімен бірге Амангелді ауданында Амангельді Имановтың 150 жылдығына қойылған авторы Ә.Әбілтаевтың “Қаһарлы 16 жыл”спектаклінде сарбаздың және патша әскері рөлін сомдады.