Ыбырай Алтынсарин кесенесі

Нысан мерзімі: 1991 жыл, 2017 жылы қайта қалпына келтірілді. Нысанның орналасқан жері: Қостанай ауданы, Мичурин ауылынан 0,5 шақырым жерде. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ғалым-этнограф, ақын және прозашы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушыларының бірі, орыс графикасының негізінде қазақ әліпбиінің нұсқасын жасаушы. Ыбырай Алтынсарин 14 оқу орынын ашып, қазақ халқының зайырлы білім беру жүйесінің бастамасын қалады. Ол «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарының, «Шариғат-ул-ислам» кітабының авторы.Ы. Алтынсариннің бейітіне ескерткіш үш мәрте: 1960 жылы, 1981 жылы, 1991 жылы орнатылды. Ы. Алтынсариннің 150 жылдығына орай бұрынғы ескерткіштің орнына порталды-күмбез түрінде қызыл кірпіштен кесене тұрғызылды. 2017 жылы кесенені қайта қалпына келтіріп, аумағы мен биіктігі ұлғайтылды. Әрлеу үшін Маңғыстау облысынан әкелінген ақ әктас-ұлутас және гранит пайдаланылды. Бұдан өзге барлық іргелес аумақ абаттандырылып, жарық орнатылды, іс-шараларға арналған алаңдар қарастырылған.




Мавзолей Ибрая Алтынсарина

Датировка объекта: 1991 год, реконструирован в 2017 году. Местонахождение объекта: Костанайский район, в 0,5 километрах от села Мичуринское. Ибрай Алтынсарин (1841-1889) – выдающийся казахский педагог-просветитель, учёный-этнограф, поэт и прозаик, общественный деятель, один из основоположников казахской письменной литературы и литературного языка, создатель казахского алфавита на основе русской графики. И. Алтынсарин положил начало светскому образованию казахского народа, открыв 14 учебных заведений. Он написал учебники «Казахская хрестоматия» и «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку», книгу «Шариат-ул-ислам». Памятник на могиле И. Алтынсарина устанавливался трижды: в 1960, 1981, 1991 годах. К 150-летию со дня рождения просветителя на месте старого обелиска был возведен мавзолей из красного кирпича портально-купольного типа. В 2017 году проведена реконструкция мавзолея, увеличена площадь и высота сооружения. В качестве отделки использован белый известняк-ракушечник и гранит из Мангистауской области. Кроме того, облагорожена вся прилегающая территория, установлено освещение, предусмотрены площадки для проведения мероприятий.



Ibray Altynsarin Mausoleum

Object dating: the year of 1991, restored in 2017. Locality: Kostanay region, 0.5 km close to Michurino village. Ibray Altynsarin (1841-1889) is an outstanding Kazakh educator, scientist and ethnographer, a poet and a prose writer, public figure, one of the founders of the Kazakh written literature and literary language, the creator of Kazakh alphabet based on Russian graphics. I. Altynsarin introduced the secular education of Kazakh people, having opened 14 educational institutions. He wrote the textbooks "Kazakh Chrestomathy" and "Elementary Guide to Teaching Russian for the Kazakhs", the book "Shariat-ul-Islam". The monument on I. Altynsarin’s grave was installed for three times: in 1960, 1981, 1991. By the 150th anniversary of the educator’s birth, a red brick mausoleum of portal and dome type was erected to replace the old obelisk. In 2017, the mausoleum was reconstructed, the area and the height of the monument was enlarged. White Mangystau limestone and granite were used to finish the monument. In addition, the entire adjacent territory has been dignified as well as lighting and event area has been provide.