Алтыншаш Жақиянова  «Апа,сені сағындым»

«Апа,сені сағындым» — ақынның балаларға арналған екінші кітабы.Кітап прозалық шығармалардан тұрады.Ақындық пен ұстаздықты қатар алып жүрген автор ұзақ жылғы педагогикалық еңбегі барысында бала психологиясының қыр-сырын ашуға құрылған шығармалары мен бал немерелеріне арналған аналық, әкелік көңілінен шыққан әңгімелерін топтастырыпты.Жас оқырманның түсінігіне бейімделіп жазылған тәрбиелік мәні бар оқиғаларға құрылған шығармалары тілге жеңіл,ойға қонымды.Балаларға арнап қалам тартатын жазушылардың арқалайтын жүгі ауыр екендігін осы жинақтың мазмұнынан-ақ аңғаруға болады.  Повестер «Балалық дәурен», «Апа,сені сағындым», «Өміршең өрен» атты негізгі үш бөлімнен тұрады.Мұнда жазушы қиындығы мол бұрынғы заман мен қазіргі болыптолған заманда өмір сүріп отырған жанұяда өскен балаларды салыстыра отырып екі заманның ара жігін айырып береді. Осыны жастар ойланса деген ниетпен жазғаны айдан анық.Жазушы қаламынан шыққан шығармалар балаларға ой тастайтын, қиындықтарға мойымай, өмірде кездесетін әрбір оқиғаға шынайы көзбен қарауға, еңбектенуге шақыратын тұщымды дүниелер.

Оқыған  Еңбек ауылдық кітапханасының оқырманы  Досанова Дильназ.

назад